Жамбыл облысы, Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлының қатысуымен аудан мешіттерінің имамдарына арналған жиын өтті.
Жиын барысында шариғи үкімдерді дұрыс жеткізу, діни мәселелерге жауап беру кезінде білім мен жауапкершілікті басшылыққа алу, жамағатқа түсінікті әрі сауатты түрде насихат жүргізу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар мешіттердегі діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелеу, халыққа дұрыс діни ақпарат жеткізу және діни сауаттылықты арттыру бағытындағы міндеттер сараланды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



15 Қазан 2026
3 Джумада-авваль 1448

