Жуалы ауданы, Т.Дүйсебай ауылындағы «Тәттібай» мешітінің асханасында Мәуліт мерекесіне орай рухани дастархан жайылды. Игі шараны ауыл белсенділері мен Бауыржан Сағынтайұлы ұйымдастырып, басқосуға 100-ге жуық адам қатысты.
Рухани шараға арнайы сапармен ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы, «Жуалы» мешітінің имамы Сейтқазы Әбдірұлы және ауыл имам-молдалар қатысты.
Жиын барысында аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлы мен «Жуалы» мешітінің имамы Сейтқазы Әбдірұлы уағыз-насихат айтып, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ көркем мінезі, мейірімділігі мен адамгершілік қасиеттері, сондай-ақ оның сүннетін ұстанудың маңызы жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.
Кеш барысында Алла Елшісіне ﷺ салауаттар айтылып, Сейтқазы Әбдірұлы арнайы салауат орындады. Жиналған жамағат пен қонақтар да салауатқа қосылып, рухани кештің мазмұнын арттыра түсті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

