Қарттар күніне орай Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұстазы Ғалия Байториеваның ұйымдастыруымен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетілді.
Шара барысында әжелерге сый-сияпат табысталып, ізгі ниет білдірілді. Басқосуда ақ жаулықты әжелер ақ баталарын беріп, жастарға өнегелі тілектерін жеткізді.
Қарияны құрметтеу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Осындай игі шаралар арқылы үлкенге ізет көрсетіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға үлес қосылуда.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Қазан 2026
1 Джумада-авваль 1448

