#Шу: Жаназа рәсіміне арналған оқу-жаттығу семинары өтті

#Шу: Жаназа рәсіміне арналған оқу-жаттығу семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы «Жиенбет Жексенбай» мешітінде имам Шүкірәлі Бердібековтың жүргізуімен жаназа рәсіміне қатысты оқу-жаттығу семинары өтті.

Семинардың мақсаты – мұсылманға жаназа рәсімін дұрыс атқару, мәйітті жуу және кебіндеу тәртібін үйрету. Жиын барысында қатысушыларға мәйітті жуып, кебіндеудің шариғат талаптарына сай орындалу жолдары түсіндірілді.

Арнайы көрнекі құралдар мен манекеннің көмегімен тәжірибелік жаттығулар жүргізіліп, қатысушылар сұрақ-жауап арқылы өзара пікір алмасты. Тәжірибелі азаматтар мәйітті жуу мен кебіндеу барысында ескерілетін маңызды жайттармен бөлісті.

Семинар соңында Құран оқылып, қатысушыларға дастархан жайылды. Жиынға қатысушылар жаназа рәсімін үйренудің маңыздылығын атап, бұл істің жауапкершілігі мол әрі сауабы мол амал екенін жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: