Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылдық мешітінің имамы Бақытбек Елубаевтың ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде жастарға арналған насихаттық кездесу өтті.
Кездесуде қоғамдағы әдептілік, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету және мұқтаж жандарға қолдау көрсету мәселелері сөз болды. Жастарға үлкен кісілерге құрмет танытып, оларға қолғабыс ету – адамгершіліктің маңызды белгісі екені түсіндірілді.
Шара барысында жастарға жақсы мінез бен ізеттіліктің қоғамдағы маңызы жөнінде тағылымды ойлар айтылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


13 Қазан 2026
1 Джумада-авваль 1448

