Меркі: Зекет – парыз амал

Меркі: Зекет – парыз амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зекет – Ислам дініндегі маңызды парыздардың бірі. Ол мал-дүниесі нисап мөлшеріне жеткен мұсылманға міндет етіліп, қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге, өзара мейірімділік пен жанашырлықты арттыруға себеп болады.

Интернационал ауылының тұрғыны осы парыз амалды орындау мақсатында екі отбасыға екі қойын зекет ретінде  табыстады. Әр отбасыға бір қойдан беріліп, отбасыларға өз қажетіне жаратуға мүмкіндік жасалды.

Бұл игі іс – зекеттің тек материалдық көмек қана емес, мұқтаж жандардың жағдайына көңіл бөліп, қоғамдағы бауырластық пен өзара жәрдемді нығайтатын сауапты амал екенін көрсетеді.

Алла Тағала зекет берген жандардың мал-дүниесіне береке беріп, жасаған парыз амалдарын қабыл етсін. Көмек алған отбасылардың шаңырағына тыныштық, дастарханына береке, өміріне молшылық нәсіп етсін. Әрбір жасалған игі істің сауабын Алла Тағала еселеп жазсын!

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: