Меркі: Үлкенге құрмет – ұрпаққа өнеге

Меркі: Үлкенге құрмет – ұрпаққа өнеге

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1 қазан – Қарттар күніне орай Қызылқыстақ ауылындағы «Әл-Карим» мешітінің имамы Төлеуғазы Асхатұлы мен мешіт жамағаты ауылдағы қариялардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Игі шара барысында ақсақалдар мен ақжаулықты аналарға  жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын табыстады. Қариялардың батасын алып, ақжарма тілектерін тыңдады.

Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кішімізге мейірім көрсетпеген, үлкенімізді құрметтемеген бізден емес», – деген. Бұл хадис үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдірудің мұсылман әдебіндегі маңызын аңғартады.

Қарияға құрмет көрсету – халқымыздың ежелден қалыптасқан ізгі дәстүрлерінің бірі. Осындай игі бастамалар арқылы кейінгі буынға үлкенді қадірлеудің, ақсақалдардың батасын алудың және өзара сыйластықты сақтаудың маңызы насихаттала түседі.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: