Тәтті ауылдық мешітінің аумағында жамағаттың қатысуымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, сенбілік өткізілді.
Сенбілік барысында мешіт ауласы тазаланып, айналасы ретке келтірілді. Жамағат бірлесе еңбек етіп, мешіт аумағының көркейіп, таза әрі жинақы болуына өз үлестерін қосты.
Тазалық – мұсылманның көркем мінезі мен жауапкершілігінің бір көрінісі.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



13 Қазан 2026
1 Джумада-авваль 1448

