Меркі: Құран аяттарының мәні – жүрекке ғибрат

Меркі: Құран аяттарының мәні – жүрекке ғибрат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Достық» мешітінің имамы Бауыржан Мұратұлы жамағатқа арналған тәпсір дәрістерін жалғастыруда.

Кезекті дәрісте «Мәсәд» сүресінің түсу себебі, сүренің негізгі мазмұны және ондағы аяттардың мағынасы кеңінен түсіндірілді. Имам сүре аяттарының мазмұнына тоқталып, ондағы ғибраттар мен тағылымдардың қазіргі мұсылман үшін маңызын баяндады.

Дәріс барысында жамағат Құран аяттарының мағынасын тереңірек түсініп, олардан өзіне қажетті рухани сабақ алуға мүмкіндік алды.

Құранды оқу – сауап болса, оның мағынасын түсініп, өмірде амал ету – үлкен жауапкершілік. Осындай тәпсір дәрістері жамағаттың Құранға деген қызығушылығын арттырып, діни білімін тереңдете түсуге ықпал етеді.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: