Меркі: Білгенге маржан

Меркі: Білгенге маржан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гранитагорск ауылындағы «Ас-Сами» мешітінде мешіт имамы Сулейманов Нұрбектің бастамасымен жамағат арасында  сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға дініміз бен ұлттық дәстүрімізге қатысты түрлі сұрақтар қойылып, олардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған танымдық ойын өткізілді. Жамағат белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.

Ойын қорытындысында сұрақтарға дұрыс жауап берген жандарға ынталандыру мақсатында сыйлықтар табысталды.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: