Дін ілімдерінің сауда-саттық бөлімін білмейтін адам харам нәрсе жеуден құтыла алмайды және ғибадаттарының сауабын таба алмайды. Еңбектері зая кетіп, азапқа душар болып, қатты өкінеді.
Барлық кезде Алла тағаладан қорық, жамандықтан аулақ бол! Аманатқа қиянат жасама! Үлкен-кіші, бай-кедей барлығына жақсылық жасап насихат айт. Ешкімді өзіңнен төмен санама. Кішіпейілді бол барлық адамдарды қадірле. Саған қонаққа келгендерді жақсы қарсы ал. Сұрап келген мәселелеріне жауап бер. Егер ол сұраған мәселесін үйрену үшін сұраған болса, ілімі артады. Ұстаздарыңа құрмет ет, оларға тіл тигізбе. Адамдардан тартатын. Алла үшін жасырын халіңде қалай болсаң, адамдар арасында солай бол.
Көп күлме. Өйткені, көп күлу қалыбты (көңілді) өлтіреді. Қарапайым күйде жүр. Асығып-үсігіп, теңселіп жүрме, істеріңде асықпа. Сөйлегенде даусыңды көтерме, айғайлама. Әрқашан өзің үшін салмақты және үнсіздікті таңда.
Нәпсіңді үнемі бақылап, уысыңда ұста. Өлімді есіңнен шғарма. Алла тағаладан олардан олардан кешіруін тіле. Құран Кәрім оқып жүр. Қабірлерді әулиелерді және қасиетті жерлерді көптеп зиярат ет.