Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы «көшпелі жұма» акция аясында Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінде жұма уағызын айтып, жұма намазын жүргізді. Уағыз «отбасы - бақыт пен береке тірегі» атты тақырыпта болды. Абай ауылының жамағатымен кездесіп, мешіт істеріне байланысты мәселелеріне жауап берді.
Аудан бас имамы жұма уағызын: «Ислам діні отбасының қадір-қасиетіне айрықша мән беріп, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығын, ата-ананы құрметтеуді, балаға дұрыс тәрбие беруді және туған-туысқа қамқорлық жасауды маңызды міндеттердің бірі ретінде қарастырады.
Отбасының осындай биік мәртебесін айқындайтын негізгі тіректің бірі – ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік пен өзара тыныштық. Құран Кәрімде неке адам баласының жай ғана дүниелік қажеттілігінен тұрмайтындығы, ол Алла Тағаланың шексіз құдіретін танытатын ұлы белгілерінің бірі екендігі баяндалады,- деп, бастады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

