Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітіне «Сарыағаш» медресе-колледжінің биылғы түлегі Калбаев Нұрсұлтанды жамағатқа таныстырды.
Аудан бас имамы жұма уағызынан кейін Хазіреті Бас мүфтидің бұйрығын оқып, Нұрсұлтан Ерланұлын азаншы қызметіне тағайындады. Жаңадан кірісіп жатқан қызметіне жеңілдік пен береке тілеп, жамағат құтты болсын айтысты. Жамағат арасынан жасы үлкен ақсақал ақ батасын беріп, жұмысына сәттілік тіледі. Содан кейін, Нұрсұлтан жұма намазы үшін алғашқы азанын айтты.
Калбаев Нұрсұлтан Ерланұлы 2022-2026 жылдар аралығында Түркістан облысы «Сарыағаш» медресе-колледжінде имам-хатиб мамандығы бойынша білім алып, алғашқы қызметіне кірісті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

