#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚОЛДАН ҚОЛҒА» АКЦИЯСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ҚОЛДАН ҚОЛҒА» АКЦИЯСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылы «Көкдөнен» мешітінің имамы Бақытжан Әлімбеков жағдайы нашар, мұқтаж отбасыға «қолдан қолға» қайырымдылық акциясы бойынша көмек көрсетті. Қайырымдылық жәрдемді ақшалай, яғни 70 мың теңге арқылы жасады. Көмек алған отбасы мүшесі риза болғанын жасыра алмай, рақметін айтты.

Өз отбасымыздан бастап, көрші-қолаң, ағайын-туыстарға, жалпы жұртқа шарапатымызты шашып, қайырымдылығымызды көрсету – мұсылмандық әрі азаматтық борышымыз.

Алла Тағаланың бір адамның ризығы мен нығметін өзге кісілерден артық не кем беріп қоюында үлкен хикмет бар. Демек, байдың малында мұқтаждың хақысы бар деген сөз. Дәулетті кісі Алланың берген нығметін Оның разылығы жолында садақа етсе – үлкен сауапқа кенеледі.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: