Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Сұлтаншәріп қажы Жәнібекұлының ұйымдастыруымен дүниежүзілік тазалық күніне орай «Тазалық – иманның жартысы» атты жоба аясында тазалық жасалды. Тазалық мешіт ішіне және мешіт ауласына жасалды. Тазалық барысында арамшөптер жұлынып, қоқыстардан тазартылып және темір қоршаулар боялды. Тазалауға қатысып, үлес қосқан, қол еңбегін жасаған жандарға мешіт наиб имамы бата беріп, алғысын аямады.
Тазалық – имандылықтың көрінісі. Ислам тек құлшылық пен жеке бастың тазалығы ғана емес, қоршаған ортаның тазалығы мен тәртібін де талап ететін дін. Ислам – тазалық діні. Тазалық – тәрбиенің көрсеткіші.
Мұсылман баласы – тек мешітте ғана емес, қай кезде болмасын таза жүретін адам. Қоғамдағы қоқыс, ластық – бұл тек санитарлық мәселе емес. Бұл – рухани деңгейдің көрсеткіші. Кез келген адам қай жерде жүрсе де, қоғамдық орындарды ластамай өзінен кейін жаман із қалдырмауы керек екенін әсте естен шығармаған жөн.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

