#Т.РЫСҚҰЛОВ: «НАШАҚОРЛЫҚ – ҚҰРДЫМҒА КЕТІРЕДІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «НАШАҚОРЛЫҚ – ҚҰРДЫМҒА КЕТІРЕДІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық «Бәйдібек баба» мешітінің имамы Қайсар Әшірбайұлы жастармен «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» атты кездесу өткізді. Қайсар имам жастарға наша, электронды темекі, синтетикалық зиянды заттар, қорқор шегу аса зиян екенін және діни тұрғыда тыйым салынғанын жеткізіп, денсаулық аманат екенін айтып, барынша сақ болуға шақырды.

Нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Есірткі - қармағына бір іліндірген соң, торға түскен балықтай қанша бұлқынғанмен, қайтып құтылу екі талай - кесел. Әсіресе, жастарды көктей орып, жуадай солдыратын - көкнәр, апиын, наша тарту есірткіқұмарлыққа жатады. 

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: