#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ОТБАСЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ» БАЯНДАЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ОТБАСЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ» БАЯНДАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы жаңа отбасын құрған жастарға «Отбасындағы адалдық пен жауапкершілік» тақырыбында түсіндіру жұмысын жасады. Ақ некеге адал болуға, бір бірінің алдындағы шариғат жүктеген міндеттерді толық орындауға шақырды.

 Алла Тағала Құран кәрімде былай дейді: «Оларға бойларың үйреніп тұрақтауларың үшін сендерге өз араларыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салуы да Алланың белгілерінің бірі. Ой жүгірте білетін қауым үшін мұнда көп ғибрат бар» («Рум» сүресі, 21-аят).

Ендеше, үйлену, отбасын құру – адамның жаратылысымен, табиғатымен астасып кеткен нығмет. Аяттың мазмұнына үңілсек, ер мен әйелдің арасына махаббат сезімін салушы Алла Тағала екенін байқаймыз. Шынында да бұл аятта көп ғибрат жатыр. Егер Алла Иағала ер мен әйелді жаратып, бірақ оларға сүйіспеншілік сезімін бермесе, онда екі жар бір-бірін тауып қосылмас еді. Үйленбес еді, ұрпақ жалғастырып, адам санын көбейте алмас еді.

Міне, ақын-жазушылардың сан ғасырдан бері шығармаларына негізгі арқау етіп келе жатқан махаббат, сүйіспеншілік сезімі аса мейірімді Алла Тғаланың өз құлдарына нәсіп еткен үлкен нығметі екенін осы аят айқын білдіруде. Сол себепті Аллаға иман келтірген әрбір мұсылман өз жұбайы Алланың нығметі екенін сезе отырып, отау құру, ақ неке қидыру секілді отбасы төңірегіндегі істерінің бәрін шариғат заңдары бойынша атқаруы тиіс.

Екіншіден, әрбір қоғамның, ұлттың, халықтың озық болуы, кемел болуы отбасынан, яғни өмірлік серік болуға келіскен екі жастың қол ұстасып құрған ұясынан бастау алатыны сөзсіз. Демек, қоғамда кез келген проблема туындап жатса, оның шешімін отбасы тәрбиесінен іздесек қателеспейміз. 

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: