Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Исаұлы «Отбасы – бақыт мекені» атты мәдени іс-шараға қатысып, өз үлесін қосты. Жиын басында сөз алып, тақырып төңірегінде насихат айтып, отбасыда тату-тәтті болуға шақырып, бақытты отбасының қағидаларына тоқтала кетті.
Бақытты отбасының ең басты кепілі – сыйластық пен түсіністік.. Әке мен ана балаларына тек материалдық тұрғыдан емес, ең алдымен рухани байлық сыйлауы тиіс. Қамқорлық пен мейірімге толы үйде өскен бала өзін сенімді, қуатты сезінеді және қоғамға пайдасын тигізетін азамат болып қалыптасады. Қазіргі заманда отбасының рөлі бұрынғыдан да маңызды. Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтап қалуда да отбасының орны ерекше. Себебі тілді, дінді, салт-дәстүрді балаға ең алдымен отбасы үйретеді.
Қорытындылай келе, отбасы – адам өмірінің мәні мен сәні, тіршіліктің алтын діңгегі. Әрбір жан өз шаңырағын құрметтеп, отбасының абыройын сақтап, берекесін арттыруға атсалысуы керек. Өйткені отбасы – бақыттың бастауы, өмірдің ең үлкен байлығы.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

