Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітіне зерделеу жасады. Іс-сапар барысында аудан имамы мешіт сөрелеріндегі діни кітаптарды тексеріп, тыйым салынған әдебиеттердің бар-жоғына көз жеткізді.
Мешіт имамының бөлмесіне кіріп, мешіт құжаттарын көз жүгіртіп, дұрыс-бұрыстығын қадағалады. Сонымен қатар, мешіт дәретханасының тазалығы мен келе жатқан қысқы уақытқа дайындығына қарап, жылы суды қосуға пәрмен берді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

