«Жүніс молда» мешітінде мешіттің ішкі жағдайын жақсарту және жамағатқа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жөндеу жұмыстары барысында мешіттің ішкі бөлігі мен асханасының қабырғалары қайта сырланып, ғимараттың көркі жаңартылды. Сонымен қатар мешіттің дәрісханасындағы керме төбе толық ауыстырылып, бөлме заманауи әрі жинақы күйге келтірілді.
Жүргізілген жұмыстар мешіттің тазалығы мен көркемдігін арттырып, жамағаттың құлшылық етуіне және діни білім алуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Мешітті абаттандыру және көркейту жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Осындай игі істердің сауабы молынан жазылып, әрқашан мешітіміз жамағатқа қызмет ететін көрікті әрі жайлы орын болуын Алла нәсіп етсін!
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

