«Қарабала Төре» мешітінде мешіт имамы Қасымалиев Батырбектің ұйытқы болуымен және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен мәуілт айының құрметіне «Сағындырған Алла Елшісі – Мұхаммед» атты мәуліт кеші өтті.
Игі шара барысында ауданның бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы мен мешіт имамы Қасымалиев Батырбек жамағатқа уағыз-насихат айтып, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған тағылымы жайында сөз қозғады.
Мәуліт кешінде Алла Елшісіне (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілікті арттыру, оның сүннетін дәріптеу және көркем мінезін үлгі ету жайында насихат айтылды.
Шара барысында жамағатқа дастархан жайылып, игі басқосу өзара бауырластық пен рухани бірлікті нығайтқан тағылымды кешке ұласты.
Меркі ауландық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

