Меркі: «Әл-Баақи» мешітінде Мәуліт жыры оқылды

Меркі: «Әл-Баақи» мешітінде Мәуліт жыры оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әл-Баақи» мешітінде мешіт жамағатының ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтіп, Мәуліт жыры оқылды.

Кеш барысында Мәуліт жыры оқылып, Құран аяттары оқылды. Жамағатқа насихат айтылып, Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілікті арттырудың және оның сүннетін ұстанудың маңызы түсіндірілді.

Шара соңында елдің амандығы, жұрттың тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасалды. Сондай-ақ жамағатқа дастархан жайылып, көпшілік бас қосып, өзара бауырластық пен ынтымақты нығайтты.

Мәуліт кеші жамағат үшін рухани тағылымы мол, берекелі басқосуға ұласты.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: