Тәтті ауылдық мешітінің имамы Абдуманап Дулат жамағатқа «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында уағыз айтты.
Уағыз барысында дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы, халқымыздың салт-санасы мен ұлттық құндылықтарының ислам дінімен үйлесімі туралы кеңінен түсіндірілді. Имам ата-бабадан келе жатқан ізгі дәстүрлерді дәріптеудің, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болудың және қоғамда өзара құрмет пен бірлікті нығайтудың маңызына тоқталды.
Сонымен қатар жамағатқа дін талаптарын дұрыс түсініп, ұлттық тәрбиемен ұштастыра білудің маңыздылығы айтылды. Дәстүрдің озығын ұстанып, діни құндылықтарды құрметтеу – ұрпақ тәрбиесі мен ел бірлігінің берік негізі екені атап өтілді.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі


29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

