Меркі: «Жүніс молда» мешітіне жаңа кілем төселді

Меркі: «Жүніс молда» мешітіне жаңа кілем төселді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт кілемнің ескіруіне байланысты мешіт имамы Қасымалиев Дастанның бастамасымен және мешіт жамағаты мен жанашыр азаматтардың қолдауымен мешіттің кілемі ауыстырылып, жаңа кілем төселіп, мешіттің ішкі көркі жаңарды.

Кілем төсеу жұмыстарына мешіт жамағаты белсенді түрде қатысып, жаңа кілемдерді өзара жұмыла жайып, залды ретке келтіруге атсалысты. Жамағаттың бірлесіп еңбек етуі мешіт айналасындағы ынтымақ пен ауызбіршіліктің көрінісін көрсетті.

Жаңа кілемнің төселуі мешіттің ішкі көркін жаңартып қана қоймай, жамағаттың намаз оқуына таза, жайлы әрі қолайлы жағдай қалыптастырды. Құлшылық орнының тазалығы мен ұқыптылығына мән беру – мешітке деген құрметтің бір белгісі.

Кілем төсеу жұмыстары толық аяқталған соң, мешіт жамағатына арнайы дастархан жайылып, көпшілік бірге бас қосты. Дастархан басында жамағат арасында жылы әңгіме өрбіп, өзара сыйластық пен бауырластық қарым-қатынас нығая түсті.

Мешіттің көркеюіне атсалысып, ортақ іске өз үлесін қосқан барша жамағатқа алғыс білдіреміз. Осындай игі бастамалар мешіт пен жамағат арасындағы байланысты нығайтып, сауапты іске жұмыла қызмет етуге ықпал етеді.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: