“Жарас ата” мешітінде жамағат арасында ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Жарыс қол күресі, гір тасын көтеру және асық ату бойынша өткізілді. Қатысушылар аталған спорт түрлерінен бақ сынасып, өзара шеберліктерін көрсетті.
Әр номинация бойынша жүлделі І, ІІ және ІІІ орындар белгіленіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.
Спорттық шара жамағат арасындағы бірлік пен өзара ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға ықпал етті.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

