«Мойынқұм» мешітінде бас имам Ержан Көшкімбай жамағатқа Мүфтият баспасынан жарық көрген «Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәулітін атап өтудің шариғи дәлелдері» атты діни әдебиетті табыстады.
Кітапта ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі мен өнегесін ұлықтаудың мәні, сондай-ақ Мәулітті атап өтуге қатысты шариғи негіздер қамтылған.
Кездесу барысында бас имам жамағатты діни білімді арттыруға, пайдалы әдебиеттерді оқып, алған ілімді күнделікті өмірде қолдануға шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

