#Шу: «Жәми» мешітінде әйел жамағатына арналған рухани дастархан жайылды

#Шу: «Жәми» мешітінде әйел жамағатына арналған рухани дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторында жамағатқа арналған тағылымды рухани кеш ұйымдастырылды. Басқосуда дастархан жайылып, әйел жамағаты бір-бірімен көрісіп, рухани әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында діннің маңызы, көркем мінез бен ізгі амал жайында уағыз айтылып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірінен өнегелі мысалдар мен хадистер келтірілді. Сонымен қатар қатысушылардың діни білімін арттыру мақсатында Ислам діні мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Белсенділік танытып, дұрыс жауап берген жамағатқа арнайы сыйлықтар табысталды.

Кештің тағы бір ерекшелігі – дастарханның түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарымен толықтырылуы болды. Әр ұлттың әйелдері өз дәстүріне сай тәттілер мен тағамдар әзірлеп әкеліп, ортақ дастарханға ұсынды. Осылайша жамағат өкілдері түрлі дәмнен ауыз тиіп, өзара сыйластық пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: