«Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторында жас шәкірттердің қатысуымен рухани басқосу ұйымдастырылып, Құран Хатым оқылды. Іс-шара барысында Құранды тәжуид ережелеріне сай оқып, Хатым Құранға толықтай қатысып, қасиетті кітапты жүйелі түрде оқып жүрген шәкірттерге ерекше құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар жас шәкірттерді ынталандыру мақсатында марапаттау рәсімі өтті. Құран оқу жолында белсенділік танытқан шәкірттерге алғыс хаттар мен мадақтамалар табысталып, арнайы сыйлықтар берілді.
Жиын соңында шәкірттерге Құранды тұрақты оқып, тәжуид ережелерін жетік меңгеріп, алған білімдерін одан әрі жетілдіруге тілектер айтылды. Мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, діни сауатын жетілдіруге ықпал етеді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

