«Жексенбай ата» мешітінде жамағатқа арнап дастархан жайылып, тағылымды басқосу өтті. Кездесу барысында мешіт имамы Ұзақбай Бадыков «Ислам және отбасы құндылықтары» жылы аясында отбасыдағы өзара сыйластық пен жауапкершілік жайында насихат айтты.
Уағыз барысында отбасының қоғамдағы маңызы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құрметі, ата-анаға ізет көрсету және бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау мәселелері сөз болды.
Жамағатты отбасындағы татулық пен бірлікті сақтауға, көркем мінез бен мейірімділікті берік ұстануға шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

