Шу ауданында әйел-қыздар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халқымыздың дәстүрлі киім мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында «Әсем киім – әйел ажары» атты ұлттық киім жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Тағылымды шараны Шу ауданының әйел-қыздар секторы ұйымдастырып, жәрмеңкеге ұлттық нақыштағы түрлі киімдер мен бұйымдар көрсетілді. Көрмеден қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерімен қатар, өзгеде ұлттың сәнді киімдерді де көруге мүмкіндік болды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – қыз-келіншектерге ұлттық киімнің қадір-қасиетін танытып, атадан балаға мирас болған салт-дәстүр мен мәдени мұраны дәріптеу.
Көркемдік пен ұлттық нақыш тоғысқан шара қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, дәстүрдің өзіндік сырын таныта түсті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



21 Қыркүйек 2026
8 Раби-сани 1448

