#Шу: «Отбасы құндылығы – ел бірлігінің негізі»

#Шу: «Отбасы құндылығы – ел бірлігінің негізі»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жиенбет Жексенбай» мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков «Отбасы құндылығы – ел бірлігінің негізі» тақырыбында насихат айтты.

Имам отбасының қоғамдағы маңызына тоқталып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ағайын арасындағы ауызбіршілік пен өзара жанашырлықтың маңызын атап өтті.

Отбасы күніне орай ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып, мешіттің көркеюіне, қайырымдылық шараларына және түрлі игі бастамаларға қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға алғыс білдірілді. Сондай-ақ көпбалалы отбасылардың ұйытқысы болған аналарға арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Жиын барысында ауыл жамағатының бірлігі мен жастар тәрбиесінің маңызы да сөз болып, әр шаңыраққа амандық пен береке тіленді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: