Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітіне демеушілердің қолдауымен мешітке қажетті бірқатар бұйымдар табысталды.
Атап айтқанда, жамағаттың игілігі үшін аяқ киім қоятын шкаф, дәретханаға қажетті жабдықтар және шаңсорғыш әкелініп, мешіт қажетіне пайдалануға берілді.
Мешіттің көркеюіне және жамағатқа қолайлы жағдай жасауға атсалысып жүрген демеушілерге алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала жасаған қайырлы істеріңізге мол сауап жазып, ризық-несібелеріңізге береке берсін!
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі



14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

