Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, мешіт аумағында жер астынан су құбыры жүргізіліп, қажетті орындары кірпішпен қапталып, пайдалануға ыңғайлы етіп жасалды. Жұмыстар толық аяқталып, жамағат игілігіне қолданысқа берілді.
Мешіттің қажеттіліктеріне қолдау көрсетіп, игі іске атсалысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала еңбектеріңізге береке беріп, қайырлы істеріңізге мол сауаптан жазсын!
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі



14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

