Қарабөгет ауылындағы «Қарабөгет» мешітінде мешіт имамы Арсен Құлтаевтың ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтті.
Игі шара барысында жамағатқа Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, көркем мінезі мен адамзатқа қалдырған өсиеттері жайында насихат айтылды. Сондай-ақ ардақты Елшінің (с.ғ.с.) өмір жолын дәріптейтін Мәуліт жыры оқылып, жамағат бірге дұға жасады.
Кеш соңында жамағатқа арнайы дастархан жайылып, қауым өкілдері өзара пікір алмасып, ақжолтай тілектерін білдірді. Басқосу жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталған тағылымды шара болды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

