Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай «Мойынқұм» мешітінде жамағатқа жұма уағызын жүргізді.
Жұма уағызында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмір жолы, көркем мінезі мен адамзатқа өнеге болған ізгі қасиеттері кеңінен баяндалды. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сабырлылығы, кешірімділігі, мейірімділігі және жамағатқа деген жанашырлығы жөнінде насихат айтылды.
Бас имам мұсылман қауымын Алла елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірін үлгі тұтып, оның сүннетін ұстануға және көркем мінезді болуға шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі


14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

