#Мойынқұм: «Ар-Рахман» мешітінің жұмысы зерделенді

#Мойынқұм: «Ар-Рахман» мешітінің жұмысы зерделенді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай Күшаман ауылындағы «Ар-Рахман» мешітіне арнайы барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.

Зерделеу барысында мешіттің ішкі және сыртқы жағдайы, тазалығы мен ұқыптылығы назарға алынды. Сондай-ақ дәретхана, Қатымхана және қосымша бөлмелердің жай-күйі тексерілді. Мешіттің діни әдебиеттері мен көрнекі ақпараттарының талапқа сай орналасуына да мән берілді.

Бас имам мешіттің жағдайын жақсарту және қызмет сапасын арттыру мақсатында алдағы уақытта атқарылуы қажет жұмыстарды атап өтіп, жауапты азаматтарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: