Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай Қияқты ауылының жамағатымен кездесіп, тағылымды жүздесу өткізді.
Кездесу барысында Мәуліт айының қарсаңында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында уағыз айтылды. Жамағатқа Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмір жолынан үлгі алу, оның сүннеттерін ұстану және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу жөнінде насихат айтылды.
Жиын соңында жамағат көкейдегі сауалдарын қойып, діни тұрғыда жауаптар алды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


15 Қыркүйек 2026
2 Раби-сани 1448

