#Мойынқұм: Бас имам Хантау ауылының тұрғындарымен кездесті

#Мойынқұм: Бас имам Хантау ауылының тұрғындарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай Хантау ауылдық мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, отбасы құндылықтарын сақтау және бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, бас имам әйел жамағатына арнайы пәтуа сағатын өткізіп, Исламдағы бала тәрбиесінің маңызы туралы кеңінен түсіндірді. Әңгіме барысында ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі, перзентке дұрыс тәрбие берудің діни негіздері және отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас жайында пайдалы кеңестер айтылды.

Кездесу соңында әйел жамағаты көкейлерінде жүрген діни сауалдарын қойып, маманнан жауап алды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: