Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай Қияқты ауылындағы мешіттің жұмысын зерделеді.
Зерделеу барысында мешіттің ішкі және сыртқы жағдайы тексеріліп, тазалығы мен жалпы күтіміне назар аударылды. Сонымен қатар, дәретхана, Құранхана және басқа да қосалқы бөлмелердің жағдайы қаралды.
Бас имам мешіттің талапқа сай жұмыс жүргізуін бақылап, анықталған мәселелер бойынша жауапты азаматтарға тиісті тапсырмалар берді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


15 Қыркүйек 2026
2 Раби-сани 1448

