«Төле би» мешітінде Гүлжан Сағындыққызының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Ізгі шараның басты мақсаты — мешіт жанындағы қыздар мен әйелдер секторының оқуына қажетті құрал-жабдықтар алуға қаржылай қолдау көрсету.
Жәрмеңкеге мешіт жамағаты белсенді қатысып, қайырымдылыққа өз үлестерін қосты. Жиналған қаражат қыздар мен әйелдер секторының оқуына қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалады.
Қайырымдылық шарасына атсалысып, игі іске үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Жасаған жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын!
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



08 Қыркүйек 2026
25 Раби-авваль 1448

