«Жәми» мешітінде «Ауылға бас қадам» бағдарламасы аясында «Һибатулла Тарази» мешітінің түлегі, жас дін маманы, имам Дарын Қарабай жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат жүргізді.
Кездесу барысында дін маманы білім алудың маңызына тоқталып, мұсылманның өміріндегі ізденіс пен ілімнің орны туралы тағылымды ойларымен бөлісті.
Күндердің сұлтаны жұма күні өткен жиын соңында жамағатқа пайдалы насихаттар айтылып, білімге ұмтылудың маңыздылығы тағы бір мәрте атап өтілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



08 Қыркүйек 2026
25 Раби-авваль 1448

