Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы жұма уағызынан кейін қызметке келген жаңа наиб имамды жамағатқа таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқыды. Ахмет Бақытжан Алтынбекұлы Һибатулла Тарази медресе колледжінде діни білім алып, диплом иеленіп, дін жолындағы алғашқы қызметіне кірісті. Бақытжан имам Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылының тумасы.
Сонымен қатар, Астанада өткен «Жас маман, ауылға қадам бас, маман!» атты семинарға қатысып, Хазреті Мүфтидің қолынан жолдама алған болатын. Кейін мешіт ақсақалы ақ батасын беріп, қызметіне сәттілік пен береке тіледі.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


08 Қыркүйек 2026
25 Раби-авваль 1448

