Аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы Қарасу ауылдық мешітіне арнайы барып, мешіт жұмысымен танысты.
Кездесу барысында ауылдағы діни ахуал, жамағаттың белсенділігі және мешіттің рухани орталық ретіндегі рөлін арттыру мәселелері сөз болды. Бас имам алдағы уақытта да мешітте тағылымды кездесулер мен насихаттық іс-шараларды көбейтіп, халықпен етене жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.
Зерделеу соңында мешіт қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылып, жауапты қызметкерлерге тиісті бағыт-бағдар берілді.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі


07 Қыркүйек 2026
24 Раби-авваль 1448

