#Шу: «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде сүннет пен бидғат жайында насихат айтылды

#Шу: «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде сүннет пен бидғат жайында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде «Һибатулла Тарази» медресесінің аға оқытушысы Данияр Қарымсақовтың қатысуымен жамағатқа тағылымды уағыз жүргізілді.

Кездесу барысында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннеттері, оның мұсылман өміріндегі орны және сүннетті ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ діндегі бидғат ұғымына тоқталып, оның ерекшеліктері мен одан сақтанудың жолдары жөнінде насихат айтылды.

Дін маманы мұсылман баласының Құран мен сүннетке сүйене отырып, діни білімін арттырып, ізгі амалдарға ұмтылуы қажеттігін атап өтті.

Жамағатқа пайдалы мағлұматтар беріліп, уағыз соңында сұрақтарға жауаптар айтылды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: