Бір адам Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттеріне келіп: «Ей, Имам мен намаздарымды таза көңілмен оқи алмай жүрмін. Намаз оқып жатып түйелеріме қарап, бағып, ойым сол жақа ауып кетеді. Сіз болса меннен де байсыз, сіз қалай ғибадатыңыздың ләзатына қауышып, намазыңызға толығымен көңіл бөліп жүрсіз?» деп сұрайды. Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттері «Мен түйелерімді көңіліме байламаймын, астауға байлаймын...» деп жауап берген екен.