Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылындағы «Әл-Кәрім» мешітіне жаңа имам тағайындалды. Меркі ауданының бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп, жаңа имам Төлеуғазы Асқатұлын таныстырды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары жаңа имамға өз ұсыныстары мен тілектерін білдіріп, мешіттің діни-ағартушылық және имандылық бағытындағы жұмыстарына қолдау көрсететіндерін жеткізді.
Жиын соңында жаңа имамға жауапты қызметіне сәттілік, ел-жұрттың бірлігі мен ынтымағына қызмет етуде абырой тіленіп, дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

