Облыстық мешіттің наиб имамы Бақтияр Әмреев Шу қалалық теміржол депосының қызметкерлерімен кездесіп, рухани-танымдық бағытта насихат жүргізді.
Кездесу барысында Ислам дініндегі негізгі құндылықтар, имандылық пен адамгершілік қағидалары, отбасы құндылықтарының маңызы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар қоғамдағы діни ахуал, діни сауаттылықты арттыру және теріс діни ағымдардан сақтанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Бақтияр Әмреев отбасыдағы өзара сыйластық пен жауапкершіліктің қоғам тұрақтылығындағы рөліне тоқталып, қызметкерлерді ізгілікке, сабырлылыққа және ұлттық әрі діни құндылықтарды құрметтеуге шақырды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, діни тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Тамыз 2026
12 Раби-авваль 1448

