#Шу: Теміржол депосы қызметкерлеріне имандылық туралы насихат айтылды

#Шу: Теміржол депосы қызметкерлеріне имандылық туралы насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев «Қазақстан темір жолы» депосының қызметкерлерімен кездесіп, тағылымды насихат жүргізді.

Кездесу барысында имандылықтың адам өміріндегі маңызы, адал еңбек пен маңдай термен нәпақа табудың қадірі, сондай-ақ отбасы құндылықтарын сақтау мәселелері сөз болды.

Бас имам адалдық пен жауапкершіліктің әрбір мұсылманның өмірінде маңызды орын алатынын айтып, еңбекті бағалап, кәсіби міндетке жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сонымен қатар отбасы мүшелеріне құрмет көрсету, ата-анаға ізет білдіру және жанұядағы татулық пен берекені сақтау жөнінде насихат айтылды.

Кездесу соңында қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, имандылық пен отбасы тәрбиесіне қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: