«Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят Алмаханов жамағатқа құмар ойынның адам өміріне тигізер зияны туралы насихат айтты.
Имам өз сөзінде құмар ойынның адамның дүние-мүлкіне ғана емес, отбасы мен қоғамға, рухани және адамгершілік құндылықтарына да кері әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ мұсылман баласы мұндай харам істерден аулақ болып, адал еңбек пен маңдай тер арқылы ризық табуға ұмтылуы керектігін жеткізді.
«Уа, иман келтіргендер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) және пал ашу оқтары лас, шайтанның амалдары. Одан аулақ болыңдар, бәлкім құтыларсыңдар» («Мәида» сүресі, 90-аят).
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



13 Тамыз 2026
28 Сафар 1448

