САРЫСУ: «Мектепке жол» жобасы аясында 19 бала мектепке дайындалды

САРЫСУ: «Мектепке жол» жобасы аясында 19 бала мектепке дайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан «Мектепке жол» жобасы аясында Сарысу аудандық орталық мешітінде игі іс-шара ұйымдастырылды.

Жоба барысында 19 балаға жаңа оқу сөмкелері мен мектепке қажетті кеңсе тауарлары табысталды.

Іс-шараның басты мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық барысында балаларға қолдау көрсетіп, олардың білім алуға деген ынтасына демеу болу, сондай-ақ әрбір балаға қоғам тарапынан қамқорлық бар екенін сезіндіру.

Мектеп – баланың білім мен тәрбие алып, болашағына жол ашатын маңызды орта. Сондықтан жас өскіндердің сапалы білім алуына жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет. Бір балаға берілген сөмке мен оқу құралдары қарапайым дүние болып көрінгенімен, оның артында үлкен қуаныш, ата-ананың алғысы және баланың жаңа оқу жылына деген ерекше ынтасы жатыр.

Осындай игі бастамалар қайырымдылықтың қоғамдағы маңызын арттырып, өзара жанашырлық пен бауырмалдықты нығайта түседі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: